«Бал Қонжық» бала бақшасы мекемесі – балаларға сапалы тәрбие мен білім беруге бағытталған жеке меншік мектепке дейінгі мекеме.
Балабақша 75 орынға арналған және 3–6 жас аралығындағы балаларды қабылдайды. Мұнда балалар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді:
Балалардың күнделікті дамуына арналған оқу-тәрбие процесі жоспар түрінде ұйымдастырылып, әр баланың жеке қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Балалардың денсаулығын сақтау және дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында күніне 4 мезгіл тамақтану ұйымдастырылған.
Балалардың денсаулығын сақтай отырып, олардың жан-жақты дамуына, шығармашылық және танымдық қабілеттерін қалыптастыруға, мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен білім беруге қолайлы жағдай жасау.